7 жасар бала пони сатып алу үшін екі жыл лимонад сатқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аустралияның Квинсленд қаласының 7 жасар тұрғыны Себастьян Кент пони сатып алу үшін екі жыл бойы лимонад сатқан.

Баланың отбасы дайындаған үй лимонадын Себастьян алғашында 20 центке сатқан. Бірақ, қала тұрғындары баланың арманын естіп, баланы отбасымен бірге жергілікті мерекелерге лимонад сатуға шақырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат edition.cnn.com сайтына сілтеме жасап.

Сонымен бірге, фермерлер Себастьянның отбасына тегін лимон жеткізіп тұрған, ал кейбір сатып алушылар 20 центтің орнында 100 цент төлеген.

Нәтижесінде бала екі жыл ішінде үш мың австралиялық доллар жинаған. Лимонад сатудан бөлек, ол туған күніне, Рождествоға сыйланған қаражатты да жинаған.

11 қазан күні ата-анасы Себастьянға Том есімді пониді сатып алды. Баланың анасы Джулиана Кент баланың жануармен алғашқы кездесуін бейнетаспаға жазып алды. Себастьян арманының орындалғанына сене алмай, әкесін құшақтап, бақыттан жылап жіберді.

Соңғы жаңалықтар