7 тамызда Қазақстан қалаларындағы ауаның сапасы қандай болмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 7 тамыз күні Қазақстанның  үш қаласында ғана ауа  сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметіне қарағанда, Ақтау, Көкшетау және Шымкент  қалаларында ғана жағымсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды. Қостанай, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал және Өскеменде ауа сапасына кері әсер ететін метеожағдайлар болмайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар