+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

7 сәуірде Қазақстанға шетелден ПТР анықтамасыз 21 азамат келді

2021 жылғы 8 сәуір 15:16
Бөлісіңіз:
7 сәуірде Қазақстанға шетелден ПТР анықтамасыз 21 азамат келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 7 сәуірінде Қазақстан аумағына Ұлыбритания, Германия, Корея, Иордания, Үндістан, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Моңғолия, Грузия, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 28 халықаралық әуе рейсі келді.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирусқа қатысты ауқымды статистика мамырда дайын болады - ДСМ Қызылордада Сырдария ауданы «қызыл» аймаққа енгізілді Алматыда карантин режимін бұзған тұрғындарға 234 млн теңге айыппұл салынды

3551 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3530 адам, анықтамасыз 21 ҚР азаматы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 2316 жолаушы, анықтамамен - 2309, анықтамасыз - 7;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 593 жолаушы, анықтамамен - 579, анықтамасыз - 14;

Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 196 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 151 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 237 жолаушы анықтамамен келген;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 58 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 6 сәуірінде шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері бойынша анықтамасыз келген 21 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT