+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

7 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 7 сәуір 07:00
Бөлісіңіз:
7 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2020 жылғы 7 сәуірге арналған күнтізбені ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Бүкіләлемдік денсаулық күні

Жыл сайын 7 сәуір күні атап өтіледі, себебі 1948 жылы дәл осы күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Жарғысы күшіне енді. Сол тарихи уақыттан бері әлемнің 194 елі ДДҰ-ның мүшесі болды. Денсаулық күнін жыл сайын атап өту дәстүрі 1950 жылдан бастап енгізілді. Денсаулық сақтау ұйымдары бұл күнді саладағы әртүрлі тақырыптарға арнап өткізеді.


ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1918 жылы «Звезда Прииртишья» газетінің алғашқы саны жарық көрді. «Звезда Прииртышья» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Басылым халыққа облыс өміріндегі, қала және елде болып жатқан оқиғалар жайлы хабар беріп, қоғамдық пікір қалыптастыруға қызмет етті. Газеттің о бастағы атауы «Объединение» болатын. Газеттің бүгінгі ұжымы аға буыннан мұра боп келе жатқан дәстүрлерді дамыта отырып, Ертіс маңы жұртының шынайы тарихи жылнамасын қалыптастыруға сүбелі үлес қосуда.


1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы нота алмасты. Швеция Корольдігі – Скандинавия түбегінде орналасқан Солтүстік Еуропадағы мемелекет. Аумағы – 447 435 км². Астанасы – Стокгольм. Швеция экономикасы - әртараптандырылған және бәсекеге қабілетті. Швед кәсіпорындары тауарлардың ең көп түрін шетелге сатады. Ел жылдан жылға оң сауда сальдосын сақтап келеді.


2000 жылы ақын Олжас Сүлейменовтың «Жазу тілі» кітабы жарық көрді.

Бұл еңбек зерттеушінің «1001 сөз» этимологиялық сөздігіне дайындық ретінде жазылды. Автор осы еңбекті жазарда алдына филология ғылымын жаңа сатыға көтеріп, олқылықтардың орнын толтыруды мақсат етіп қойған.


2005 жылы «Қазпошта» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік таңбаларды пошталық төлемге енгізді.

Бұл «Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына 10 жыл» номиналы бір, екі, үш, сегіз, он теңге, және «А» литерасымен (Қазақстан Республикасының аумағындағы жер бетіндегі көлікпен салмағы 20 грамға дейін жай хатты жіберу тарифының номиналы) номиналы 50 және 65 теңге стандартты пошта маркалары. Безендірушісі - Игорь Макиенко.


2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде қазақтың алғашқы кәсіби журналистикасы мен баспасөзінің негізін қалаушылар - Алаш ардақтылары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мүсін-барельефінің ашылу рәсімі өтті.


2008 жылы Павлодарда талантты спортшы және педагог, Қазақстанның үздік жаттықтырушыларының бірі Батырбек Сейсенбаевқа арналған мемориалдық тақта орнатылды. КСРО-ның спорт шебері, бүкілодақтық дәрежедегі судья, дзюдо, самбо және қазақ күресінен жүзден астам шеберді дайындаған.

Батырбек Сейсенбаевтың жігерлілігінің және оның шәкірттерінің халықаралық спорт алаңдарындағы нәтижелерінің арқасында, 1985 жылы Павлодарда дзюдо күресі бойынша «Батыр» Олимпиадалық қорының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі ашылды.


2010 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунды бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Нұрсұлтан Назарбаев «Достық» ордені жаһандық деңгейдегі бейбітшілікті, әлеуметтік әділеттілікті және тұрақты дамуды ілгерлетуге айырықша үлес қосқаны үшін берілгенін атап көрсетті.


2010 жылы Бейбітшілік және келісім сарайында бірегей фотокөрме ашылды. Қазақстанда алғаш рет осы көрмеде 1500-2000 жыл өмір сүрген біздің арғы ата-бабаларымыздың суреттері ұсынылды.


2012 жылы танымал қазақстандық спортшы Асхат Қаратабанов халықаралық экспедиция құрамында Солтүстік полюсте болып, мұзды аймақтың аспанында қазақ елінің көк байрағын желбіретті. Олар Солтүстік полюсті бағындырғаннан кейін Норвегияның Шпицберген архипелагындағы Лонгиир қаласы арқылы Мәскеуге жетті.


2014 жылы Ұлыбританиядағы Қазақ әдебиетінің апталығы аясында белгілі қазақ драматургі Дулат Исабековтің «Өкпек жолаушы» атты пьесасы Лондон театрында сахналанды.


2016 жылы Түркияның Эрзурум қаласыда Ататүрік атындағы университеттің ректоры, профессор Хикмет Кочак ақын, түркі әлемінің танымал қоғам қайраткері, «Мәдениет» қорының президенті Олжас Сүлейменовке университеттің құрметті докторы атағын берді.

Бұл атақ оған мәдениетаралық диалогты дамытуға, халықтар достығын нығайтуға сіңірген еңбегі және түркітану саласындағы көпжылдық жемісті зерттеулері үшін берілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT