7 рет шаян шаққан жаңа туған сәби тірі қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда жаңа туған сәбиді жеті рет аса қауіпті шаян шағып, тірі қалды, деп хабарлайды Daily Mail.

Оқиға елдің шығысындағы Баия штатында болған. Анасы қызын шомылдырып болып, оған жаялықша кигізген. Ол жаялықшада шаян барын білмеген. Сәбиге дем жетпей қалғандықтан, анасы оны рефлюкс деген оймен ауруханаға алып барған.

Дәрігерлер нәрестені тексеру кезінде кіндік жағын жеті рет шаққан шаянды тапқан. Балаға алты доза уға қарсы дәрі еккен, алайда оның тірі қалуы екіталай еді. 

Сәби бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатып, толықтай айығып кетті. Дәрігерлердің айтуынша, бала шаян шаққаннан кейін екі сағаттың ішінде уға қарсы дәрі егудің арқасында аман қалған. 

Соңғы жаңалықтар