Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 19 °С
Алматы: 28 °С
USD 336.39 EUR 390.28
RUB 5.36 CNY 52.42
Жаңалықтар

7 проценттік ипотеканың басты талабы қандай болады

2018 жылғы 13 наурыз 10:40 4021
Бөлісіңіз:
7 проценттік ипотеканың басты талабы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев "7-20-25" бағдарламасының жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Бас банкирдің айтуынша, 7 проценттік ипотекамен айналысатын арнайы компанияның капиталы Ұлттық банктің есебінен қалыптасады. Компания ол ақшаға екінші деңгейлі банктер берген жаңа ипотекалық несиелерді сатып алады.

"Жаңа бағдарлама әркімге жеңілдік шарттарын береді. Алайда бағдарлама масылдыққа жол бермеуге тиіс. Бағдарлама қарыз алушының төлемге қабілетті болуын талап етеді. Оған ресми кірісі бар Қазақстан азаматтары қатыса алады. Қазір банктермен жаңа бағдарламаның шарттары пысықталуда. Мысалы, үйдің бағасы 7 миллион теңге болса, ай сайынғы төлем 50 мың теңгеден аспайды. Бұл жалпы алғанда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының көпшілігі үшін қолайлы", - деді Д.Ақышев.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде республика бойынша тұрғын үйдің бағасы әр алуан. Сондықтан ірі қалалар мен аймақтар бойынша баспана бағасына дифференциация жасалуы мүмкін.

"Бағдарламаның қазіргі өлшемдері әзірше жоба екенін ескеру керек. Бұның барлығы әлі мемлекеттік органдар мен банктермен талқыланады. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарының пікірін естуіміз керек", - деп атап көрсетті Д.Ақышев.

Фото: sodrugestvo.info


Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат