7 өңірде қару-жарақ өткізу акциясы тоқтатылды

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің 2 қаласы мен 5 облысында заңсыз сақтаудағы қару-жарақты ерікті өткізу акциясы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Ақтоты Боранова онлайин брифингіде айтты.

«25 сәуірден бері ҚР Ішкі істер министрлігі халықтан заңсыз сақтаудағы қару-жарақты, оқ-дәріні сатып алу акциясын өткізіп жатыр. Бұл мақсатқа республика бюджетінен 88 млн теңге бөлінген. Қару-жарақты еркімен берген азаматтарға өткізген бұйымның жағдайына қарай 10 айлық есептік көрсеткіштен (30 180теңге – ред.) 100 АЕК-ке 301 800 теңге) дейін өтемақы қарастырылған. Үш айдың ішінде ішкі істер бөлімдеріне мыңнан астам (1 002) өтініш түсіп, 1 288 атыс қаруы өткізілді. Сондай-ақ, 10 мыңға жуық (9 477) оқ сатып алынды», - деді ведомство өкілі.

Айтуынша, табысталған қару-жарақ үшін тұрғындарға 85 млн теңге төленген.

«Өткізілген қарулардың бәрі біріздендірілген деректер базасы арқылы тексеріледі. Яғни, «Тіркелген қару» және «Қылмысқа қолданылған қару» санаттары бойынша сарапатамадан өтеді. Бөлінген қаражаттың игерілуіне байланысты Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Ақмола, Қостанай, Түркістан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында акция тоқтатылды», -деді Ақтоты Боранова.





Фото: www.kirovsk.by


Соңғы жаңалықтар