7 мыңнан астам елордалық жұмысқа орналасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жүзден астам инфрақұрылымдық объектілер іске қосылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесі тақырыбындағы онлайн баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Жұмыспен қамту орталығы құрылыс, жөндеу, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласында жүзден астам инфрақұрылымдық объектілер іске қосылған. Бұл бағдарлама аясында жоспар бойынша 7 627 жұмыссыз азаматты жұмысқа орналастырылады», - дейді «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бөлімінің жетекшісі Азамат Байтасов.

Оның айтуынша, бұл бағдарлама аясында ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгені құрайды.

«Осы бағдарламаға қатысам деген жұмыссыз азаматқа жеке куәлігі, еңбек кітапшасы және білімін растайтын құжат қана қажет. Сабақтан бос уақытында, яғни жазғы демалыс кезінде студенттер де қатыса алады. Бейбітшілік, 25 мекенжайына келіп, бос ваканцияларды көруге болады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар