7 млн теңгені жымқырған ҚР ҰҚК қызметкеріне үкім шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінде жауапты қызмет атқарған Марат Жанатовқа қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімде айтылғандай, сотталушы Жанатов мемлекеттік функцияның орындалуына жауапты - ҚР ҰҚК әскери техникамен қамту департаментінің (ӘТҚД) 2-ші басқармасы 3-ші бөлімінің технигі әрі материалдық тұрғыда жауапты қызметкері болған.

«Сотталушы ӘТҚД мен «AVTO PARTS ASTANA» ЖШС арасындағы мемлекеттік сатып алу тауарлары бойынша келісім аясында пайдакүнемдік пиғылмен, өзіне және өзге де адамдардың пайдасы үшін қылмысқа барған. Яғни, ол тауар-материалдық заттарды (ТМЗ) - автокөліктердің қосымша саймандарын, автошиналарды мен аккумуляторларды қабылдау кезінде, жеткізуші өтінім бойынша заттардың барлығын жеткізбегенін біле тұра ТМЗ қабылдау-жеткізу құжатын толтырған», - делінген сот материалдарында.

Анықталып отырғандай, сотталушы шындыққа сай келмейтін мәліметті ҰҚК экономика және қаржы департаментіне ұсынған. Осының негізінде барлық өтінім бойынша жеткізушіге төлем жүргізілген.

«Осының салдарынан мемлекетке қоймада ТМЗ жетіспеушілігі салдарынан ірі көлемде - 7 175 541 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірілген», - делінген үкімде.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 388-390, 393, 395-398, 401-баптары басшылыққа алына отырып Марат Жанатов ҚР ҚР-ның 361-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды. Ол сонымен бірге мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан өмір бойына айырылды. ҰҚК қызметкері сот залынан қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар