7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні елімізде тұман түсіп, жаңбыр жауады, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, 7 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік және оңтүстік циклондар әсер етеді. Сондықтан кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігі мен батысында күн райы ашық болады. Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, батыста күшті желмен шаңды дауыл соғады.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Ақмоланың кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау және Атырау облыстарында шаңды дауыл соғады.

Алматы, күндіз Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде - найзағай ойнап, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсі мүмкін.

Қарағанды ​​облысының кей жерлерінде минус 1-3 градус үсік жүреді.

Атырау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Соңғы жаңалықтар