7 компанияның IT-өнімі сенімді бағдарламалық қамтылымның тізіміне енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің 7 компаниясы IT-өнімі сенімді бағдарламалық қамтылымның тізіліміне енгізілді.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түрлі компаниялардың тағы 7 IT-өнімі сенімді бағдарламалық қамтылымның тізіліміне енгізілді. Бұл, шын мәнінде, жағымды жаңалық. «Мемлекет жеке компаниялардың дербес деректерді қорғауын, ақпараттық қауіпсіздік нормаларын сақтауын қалай қадағалауда?» деп менен үнемі сұрайсыздар. бұл сұрақты осы жерде, яғни Facebook әлеуметтік желісінде де қойдыңыздар. Жоғарыда аталған тізілім қауіпсіздік механизмдерінің бірі»,- деді министр.

Оның атап өтуінше, тізілімге ену үшін компаниялар, өзге де талаптармен қатар, өз өнімінің ақпараттық қауіпсіздіктің бекітілген мемлекеттік талаптарына сәйкес келетінін дәлелдеуі және растауы тиіс. Өйткені, осы софтты сатып алатын мемлекеттік орган немесе жеке компания болсын, кез келген пайдаланушы бұл бағдарламалардың сапасы мен қауіпсіздігіне сенімді бола алады.

«Осы жолы «T&T Security» компаниясының – «tLab» жүйесі, «ArtaSoftware» ЖШС-нің Arta Synergy платформасы, «Kazdream Technologies» ЖШС-нің КиберСтраж өнімі, «Platonus» компаниясының «ЕСУВО» және «Platonus College» өнімдері, «ГеоКом Астана» ЖШС-нің ГеоПорталы және «Documentolog» компаниясының аттас жүйесі жоғары сапа стандарттарына сәйкестігін растады.

Осылайша, аталған тізілімге енген компаниялардың саны 16-ға жетті. IT-қоғамдастықты өз өнімдерін осы Тізілімге енгізуде белсенділік танытып, мемлекеттен «сенімді» деген мәртебеге ие болуға шақырамын. Мемлекет тарапынан берілген мұндай кепілдік компанияның және оның өнімдерінің нарықтағы құнына оң әсер ететіні сөзсіз», - деді Асқар Жұмағалиев.


Соңғы жаңалықтар