+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

7 қазанда елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

2020 жылғы 6 қазан 19:27
Бөлісіңіз:
7 қазанда елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 7 қазан күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.

10.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Сыбайлас жемқорлықпен күресудің заңнамалық базасын жетілдіру туралы баспасөз конференциясы болады. Спикер: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов, Агенттіктің АМТ мүшесі, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Башимов.

11: 00-де «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ауыл жастарының II Республикалық форумын өткізеді. Форумның күн тәртібінде «Ауыл» ХДПП жастар қанатының ережелеріне өзгерістер енгізу, Атқару комитетінің жаңа құрамын бекіту және жастар қанаты төрағасын сайлау туралы мәселе қаралады.

12: 00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елорданы цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру» тақырыбында онлайн брифинг өтеді.

15:00-де Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің III Республикалық

«Рухани қазына – 2020» байқауының қорытынды марапаттау рәсімі өтеді.


АЛМАТЫ

11.00-де Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің сұхбат алаңында Медеу өңірінің белсенділерімен өңірдің әлеуметтік маңызды мәселелері талқыланады. Шара онлайн негізде өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT