7 қазан. Тұлғалар туған күн

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 7 қазанға арналған «Тұлғалар туған күн» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

71 жыл бұрын (1951) актер, әнші, Қазақстаның халық әртісі, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Досқан Қалиұлы ЖОЛЖАҚСЫНОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында туған. Алматы мемлекеттік өнер институтын бітірген.

1971 жылдан қазіргі Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері. 1995-2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болған. Актер театр сахнасында және кинода 200-ден астам бейнені сомдаған. Сонымен қатар халық әндері мен қазіргі қазақ композиторлары әндерін шебер орындаушы ретінде кеңінен танымал. Жолжақсынов ұлттық кино өнерінің дамуына өз үлесін қосып, «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Алтын күз», «Омпа», «Ақ барыстың ұрпақтары», «Көшпенділер», «Біржан сал» және т.б. фильмдерге түскен.



63 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар Кеңесінің мүшесі Рашит Сайранұлы АХМЕТОВ дүниеге келді.

Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын бітірген. Инженер-механик.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының «Нұржанар» ашық акционерлік қоғамының президенті болып қызмет істеген. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2005 жылдан), Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды. Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі (2017-2022 жылдары).

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, медальдармен марапатталған.



55 жыл бұрын (1967) Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-лейтенант Әнуар Төлеуханұлы САДЫҚҰЛОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1991 жылы Алматы зооветеринар институтын бітірген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік тәмамдаған.

1985-1987 жылдары КСРО ҚК қатарында мерзімдік әскери қызметтен өтті. 1992 жылы ҚР Президенті Күзет қызметінің әскери қызметіне алынды. Қызметін ҚР Президенті жеке күзетінің әр түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарында өткерген. 2006 жылы ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары –жеке күзет департаментінің бастығы болып тағайындалды. 2012 жылы ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалған. 2013 жылы ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы болды. 2014 жылы Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – ҚР ҰҚК «А» арнайы қызметінің директоры (2014-2019). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы (2019-2020). Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің директоры (2020-2022).

2-дәрежелі «Айбын» және «Андропов» ордендерімен марапатталған.



46 жыл бұрын (1976) - VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Константин Викторович АВЕРШИН дүниеге келді.

Талдықорған қаласында туған. Брайтондағы (Ұлыбритания) Беллербис колледжін бизнес және экономика мамандығы бойынша (1995) бітірген; Англия Рускин университеті, Еуропалық бизнес және экономика, Кембридж (Ұлыбритания), Бизнес және экономика (1998); Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы (2018 ж.).

Еңбек жолы: «KEGOC» АҚ коммерциялық бөлімінің маманы (1998-1999); «Кедентранссервис» ЖАҚ коммерциялық департаментінің бас менеджері (1999-2001); Еуропалық авиацияның аймақтық өкілі (2009-2011); «Red Dragon Almaty» ЖШС құрылтайшысы (2013 жылдан бастап).

2022 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Экономика мақтанышы», «Құрмет» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар