+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

7 қазан. Туған күн иелері

2019 жылғы 7 қазан 08:08
Бөлісіңіз:
7 қазан. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 7 қазанға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


68 жыл бұрын (1951) актер, әнші, Қазақстаның халық әртісі, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Досқан Қалиұлы ЖОЛЖАҚСЫНОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында туған. Алматы мемлекеттік өнер институтын бітірген. 1971 жылдан қазіргі Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері. 1995-2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болған. Актер театр сахнасында және кинода 200-ден астам бейнені сомдаған. Сонымен қатар халық әндері мен қазіргі қазақ композиторлары әндерін шебер орындаушы ретінде кеңінен танымал. Жолжақсынов ұлттық кино өнерінің дамуына өз үлесін қосып, «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Алтын күз», «Омпа», «Ақ барыстың ұрпақтары», «Көшпенділер», «Біржан сал» және т.б. фильмдерге түскен.


60 жыл бұрын (1959)Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі Рашит Сайранұлы АХМЕТОВ дүниеге келді.

Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын бітірген. Инженер-механик. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының «Нұржанар» ашық акционерлік қоғамының президенті болып қызмет істеген. Қазақстан РеспубликасыПарламенті Сенатының депутаты (2005 жылдан), Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясы делегациясының мүшесі, Австрия Республикасы Федералдық жиналысымен, Германия Федеративтік Республикасы Федералдық Парламентімен, Қытай Халық Республикасы Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысымен, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі Парламентімен, Жапония Кеңесшілер палатасымен, Француз Республикасы Сенатымен ынтымақтастық топтарының мүшесі болды. Қазіргі қызметінде 2017 жылғы маусымнан бері. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, медальдармен марапатталған.


60 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Тауфиқұлы ЖАҚЫПОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Самар ауылында дүниеге келген. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. 1981 жылдың қазаны мен 1995 жылдың қарашасы аралығында прокуратура органдарында қызметте болған. Мемлекеттік тергеу комитетінде қызмет атқарған. 1997 жылы ішкі істер органдарына қызметке ауысып, ШҚО ІІБ Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы болып тағайындалды. Ал, 1998 жылдан Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары ІІБ, Көліктегі Оңтүстік-Шығыс ІІД бастықтарының орынбасары қызметтерін атқарды. 2006-2011 жылдары ШҚО ІІД бастығының орынбасары лауазымында, 2011-2014 жылдары ШҚО ІІД бастығы қызметін атқарған. 2014 жылдың қыркүйек айында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.


52 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Әнуар Төлеуханұлы САДЫҚҰЛОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген.

1991 жылыАлматы зооветеринар институтын бітірген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік тәмамдаған. 1985-1987 жылдары КСРО ҚК қатарында мерзімдік әскери қызметтен өтті. 1992 жылы ҚР Президенті Күзет қызметінің әскери қызметіне алынды. Қызметін ҚР Президенті жеке күзетінің әр түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарында өткерген. 2006 жылы ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары –жеке күзет департаментінің бастығы болып тағайындалды. 2012 жылы ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалған. 2013 жылы ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы болды. 2014 жылы Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – ҚР ҰҚК «А» арнайы қызметінің директоры (2014-2019).

Қазіргі қызметін атқаруға 2019 жылдың маусымында кірісті.

2-дәрежелі «Айбын» және «Андропов» ордендерімен, 11 медальмен марапатталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT