7 қазан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 7 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10:00-де «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Қазақстандағы Еуропалық Одақ Делегациясы ITC қолдауымен Tөртінші климаттық диалог өткізеді.

11:00-де Астана қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен брифинг өтеді. Спикер: Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Рустам Ғазизов.

11:00-де М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Ғылыми сараптама және талдау институты және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің және сарапшылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындыларын сүйемелдеуінің практикалық аспектілері» атты семинар өткізеді.

12:00-де «Көктал» тұрғын үй алабында бөй көтерген алғашқы мешіттің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

12:00-де Ұлттық теннис орталығында «Astana Open» ATP 500 жарысы өтеді.

16:00-де КАЗГЮУ Университетінде «Public lecture» атты қоғамдық дәрісі өтеді. Қоғамдық дәрістің спикері – белгілі қазақстандық экономист Олжас Құдайбергенов еліміздің экономикасымен қатар басқа да өзекті мәселелерін талқылайды.

18:00-де «Күлбике» балетінің премьерасына орай баспасөз мәслихаты өтеді.

19:00-де Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ «Оқитын ұлт» жобасы аясында «Ай сәулесімен кітап оқиық» атты кітапхана түні өтеді.

19:00-де Астана балет сахнасында «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» балеті көрсетіледі.

19:00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы өтеді.

19:00-де «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцертте» Лоуэлл Либерманның музыкалық кеші өтеді.



Фото: images.squarespace-cdn.com




Соңғы жаңалықтар