7 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 7 қарашада Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.00-де Сенаттың кезекті отырысы басталады.

Сағат 10.00-де Пекин Палас қонақ үйінде «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтеді. Онда еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелері талқыланады.

Сағат 10.30-да «Көрме» орталығында 18-ші «SuluExpo 2019» сұлулық индустриясының көрмесі, сонымен қатар «Ару 2019» атты 33-ші халықаралық зергерлік көрмесі өтеді.

Сағат 11.00-де Мәжілісте Палатаның Экология және табиғатты пайдалану комитеті аясында үкіметтің өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша түзетулерінің таныстырылымы өтеді.

Сағат 11.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте брифинг өтеді.

Сағат 14.00-де С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да «Қазіргі заманғы бухгалтер мамандығы: талаптар мен трендтер» атты конференция өтеді.

Сағат 15.00-де «Тәуелсіздік» сарайында «BILIM» фотокөрмесі ұйымдастырылады.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде журналист, публицист, жазушы-драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының және Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Қазақстан Республикасы Сенаты Парламентінің V-VI шақырылымдарының депутаты, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиевпен кездесу өтеді.

Сағат 16.00-де Оқушылар сарайында Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 95 жылдығына орай «Намыс пен Рух» атты рухани-патриоттық кеш өтеді.

Сағат 17.00-де Назарбаев Университетінде қазақтың ұлы ақыны, жазушы, драматург, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына орай «Ақын және музасы» атты әдеби-театрланған кеш өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де «Best Western Atakent Park Hotel» қонақ үйінде IV Орта Азиялық агротехникалық саммит өтеді. Holland Fruit Solutions Kazakhstan жобасының аясында жоғары технологиялық бақтары бар көрме алаңы құрылады.

Сағат 10.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында Раиса Мұхамедяровамен қоштасу рәсімі басталады.

Сағат 10.00-де «Бақшасарай» қабылдау үйінде фестиваль және инновациялық идеялар көрмесі өтеді. Мұндағы мақсат - дарынды жастардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, бизнес-қауымдастықтардың жастар стартаптарын қолдауға қызығушылығын арттыру.

Сағат 15.00-де Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту туралы брифинг өтеді.

Соңғы жаңалықтар