7 қаңтардан бастап көлік жүргізушілері балаларды арнайы орындықтармен тасымалдауы тиіс - ҚР ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік жүргізушілері балаларды арнайы орындықтармен тасымалдауы тиіс. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Қанат Сәдуақасов мәлім етті.

«7 қаңтардан бастап күшіне енетін заңға сәйкес алдыңғы жолаушылар орындығына автоорындықтардың болуы міндетті. Артқы орындықта балаларға арналған бекітілетін құрылғысы бар автоорындық немесе балаларды қауіпсіздік белдіктерімен іліктіруге мүмкіндік беретін өзге де жабдықтар болуы керек», - деді басқарма басшысы. Осы орайда ол аталған қауіпсіздік талаптары «Жол жүру туралы» конвенция аясында қамтылып отырғандығын жеткізді. «Жол-көлік оқиғасы мен көлік қақтығысы кезінде балалардың дене бітімі әлсіздеу болғандықтан, қауіпсіздік белдіктері зақым келтіруі мүмкін. Сол себепті БҰҰ ережелерімен арнайы автокөлік орындықтары қарастырылған», - деді Қ.Сәдуақасов. Осы талаптарды елемеген жүргізушілерге айыппұл салынатын болады. Белгілі болғандай, балалардың орындықтары мен арнайы жабдықтарды орнатпаған жағдайда жүргізушілерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бір жылдың ішінде бұл жағдай үш мәрте қайталанса, азамат жүргізушілік куәлігінен 6 айға дейін айырылады.

Соңғы жаңалықтар