7 қаңтарда Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу
2018 жылғы 6 ақпан 22:23

7 қаңтарда Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА.ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА 7 қаңтарда Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады

АСТАНА

10:00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы өтеді.

10.00-де Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде «Әлеумет» ақпараттық-түсініктемелік кешенді бағдарламасы тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

11:00-де ЭКСПО көрмесі аумағындағы энергия зерттеу орталығында ел тарихындағы ірі инновациялық жобаның ашылуы болады. «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркінің техникалық ашылуы мен «Garage» стартап-жобалар инкубациясы бағдарламасының басталу рәсімі өтеді.

15.00-де «Алашорда әскері: тарих сабақтары» тақырыбында семинар өтеді. Семинар танымал тарихшы, ғалым, қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлының «Алашорданың әскери құрылымдары (1917-1920 ж.ж.)» кітабының тұсаукесеріне орайластырылған.

15.00-де Астана қаласының әкімдігінде «Астана адалдық алаңы» жобасының таныстырылымы өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де ҚР БҒМ Ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану институтында «Адами капиталды дамыту қоғамды жаңғыртудың негізі - ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының басты басымдықтардың бірі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы шеңберінде «Рухани жаңғыру ұлттың ұлы мұрасы» атты кездесу өтеді. Басқосуға үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаров пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәкен Майғазиев қатысады.

11.00-де Қазақстанның спорт және туризм академиясынды «Ұлы дала ұландары - Олимпиада қырандары» атты флешмоб өтеді. Шара Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін 23-ші қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық спортшыларды қолдауға бағытталған.

11.00-де жазушы Герольд Бельгердің Мәскеуде басылған «Такая выпала стезя...» кітабының тұсаукесері өтеді.

ШЫМКЕНТ

Сағат 11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы І.Құрамысов 2017 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясын өткізеді.

ТАЛДЫҚОРҒАН

Сағат 10.30-да Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында Алматы облысының әкімі А. Баталовтың қатысуымен 2017 жылдың қорытындысы бойынша үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды, спорт мекемелерін, спорт клубтарын, дене шынықтыру және спорт бөлімдерін, спорт тақырыбына жазатын журналистерді маратапаттау рәсімі өтеді.

Jańalyqtar

MURAǴAT