7 қалада ауа сапасы нашарлайды

2023 жылғы 27 қаңтар, 06:40
7 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 27 қаңтарда Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық жағдайға болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмада Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Шымкент және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar