7 қалада ауа сапасы нашарлайды
2022 жылғы 18 ақпан 06:36

7 қалада ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұмада Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

18 ақпанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау және Шымкент қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT