7 елдің археологтары қола дәуірінде Орталық Азиядағы жаһандану процестерін зерттейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық әлеуметтік қор Орталық Азияда тарихи дәуірдегі жаһандану процестерін зерттеуді қаржыландырады. 

Литва, Франция, АҚШ, Германия, Қырғызстан, Қазақстан және Ресей елдерінің  15 археологынан құралған негізгі зерттеу командасы 2018 жылдың 1-15 тамызынан бастап Қырғызстандағы Кох-Кор қаласына жақын орналасқан Чапа учаскесінде қазба жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматыдағы ЮНЕСКО бюросына сілтеме жасап.

«Соңғы онжылдықта Еуразиядағы археологиялық зерттеулер 3000 жылдан астам уақыт бұрын Ұлы Жібек жолының алдында тайпалар мен халықтардың арасында алыстан өзара байланыс болғанын растады. Зерттеушілер ежелгі замандарда адамдардың, жануарлардың, тауарлардың, өсімдіктердің және дәстүрлердің  алмасылғанын анықтады», - деп атап өтті ЮНЕСКО бюросы Фейсбукте.

Қырғызстандағы жобаның мақсаты - Орталық Азиядағы маргиналдық таулы ландшафттарда ежелгі заманғы азық-түлікке байлланысты жаһандану процесін айқындау. Бұл мәселе жіті қаралып жатыр. Қола дәуірінде (б.з.б. 2500 - 1500 жылдары) таулы өлкелердегі адамдардың қалай өмір сүргеніне талдау жасалуда.

Бұл жобаны Вильнюс университеті «Манас» Қырғызстан-Түркия университетімен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Оған Гиедре Мотузайте (Ms Giedre Motuzaite Matuzeviciute) ғылыми жетекшілік етуде. 

Соңғы жаңалықтар