7 -ден 16 жасқа дейінгі балалар мүгедектік топтары бойынша бөлінеді - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу көзделеді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бала денсаулығының бұзылу дәрежесін және тыныс-тіршілік әрекетінің шектелуін ескере отырып, заң жобасында 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды (мүгедектік) топтар бойынша бөлу көзделген. Бұл қадам балалар ауруының дәрежесіне қарай оңалту іс-шаралары мен әлеуметтік көмекті, оның ішінде жәрдемақылар мөлшері бөлігінде саралауға мүмкіндік береді. Осы орайда 30 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балаға қатысты болады», - деді министр.

Еңбек министрлігі мәліметінше, бұл ретте мүгедектігі бар балалардың барлық топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37%-ға дейін ұлғайтылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы түрі енгізіледі.



Соңғы жаңалықтар