+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

7 айда электртехникалық машина жасау өндірісінің көлемі 11 пайызға артты – Бейбіт Атамқұлов

2020 жылғы 17 қыркүйек 12:37
Бөлісіңіз:
7 айда электртехникалық машина жасау өндірісінің көлемі 11 пайызға артты – Бейбіт Атамқұлов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың 7 айында электртехникалық машина жасау өндірісінің көлемі 11 пайызға артты. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Экономикамыз қарыштап дамитынына сенімім зор – Шет ауданы әкімінің орынбасары Жолдау туралы Бейбіт Атамқұлов Алматы Индустриялық аймағын аралап көрді Руслан Дәленов: Сарапшылар кеңесіне кадрлық резерв мүшелерін тартуды көздеп отырмыз

«Электртехникалық машина жасау саласында да айтарлықтай ілгерілеушілік орын алып, 10 жылдың ішінде өндіріс 3 есеге, экспорт 4 есеге артты. Оқшаулаудың орташа деңгейі 75 пайызға жетті. Тек 2019 жылы ғана 5 млрд теңгеге 34 млн метр талшықты-оптикалық кабель шығарылды. Толықтай алғанда, 7 айдың ішінде электртехникалық машина жасау өндірісінің көлемі 11 пайызға артып, 101,4 млрд теңгені құрады», - деді министр.

Оның айтуынша, биыл отандық аккумуляторлар Біріккен Араб Әмірліктері мен Италия нарығына шығарылады. Жалпы бұл өнім түрі қазіргі уақытта Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Германия елдеріне жеткізіліп отыр. Бүгінде ішкі нарықтың аккумуляторға қажеттілігі 65 пайызға қамтамасыз етіледі. Ал ішкі нарықтың трансформаторларға қажеттілігі 85 пайызға қамтамасыз етілген.

«Алдағы уақытта Петропавл қаласында 5-ші трансформатор зауыты іске қосылғаннан кейін жылына 10 мың аталған өнім шығарылатын болады. Сол кезде ішкі нарық трансформаторлармен қамтылады», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT