+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

7 ай қорытындысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3 пайызға  өсті

2020 жылғы 11 тамыз 10:43
Бөлісіңіз:
7 ай қорытындысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3 пайызға  өсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3 пайызға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл Қазақстанда 1 118 трактор және 736 комбайн құрастырылды Қазақстанда Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады Президент Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумының қатысушыларына құттықтау хат жолдады

«Елімізде 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3 пайызға өсті. 12 өңір оң нәтиже көрсетті. Тау-кен өндіру секторында түсті кендерді өндіру 2,5 пайызға артты. Темір кен өндіру 0,9 пайызға өсті. Көмір өнімдерін тұтыну көлемінің артуына байланысты көмір өндіру көлемі 102,6 пайызды құрады. Көмір өндіруші компаниялар 2020 жылғы қаңтар-шілде айларында 62 млн тонна көмір өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға арттық», - деді министр.

Оның дерегінше, өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі түсті металлургия, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия және басқа да салалар есебінен 3,8 пайызға өсті. Түсті металлургияда өндіріс көлемі тазартылған алтын өндіру көлемін 3, бастапқы алюминийді 1 пайызға және басқа да көрсеткіштердің өсуіне байланысты нақты көлем индексі 3,9 пайызға артты.

«Қара металлургияда нақты көлем индексі 98 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш болаттың 8, рельстердің 10,6, болат құбырлардың 12 пайызға өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты болды. Химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 3,6 пайызға өсті. Бұл дезинфекциялық құралдар және минералды тыңайтқыштар өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты.», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT