7 ақпан күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 7 ақпан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандырудың жаңа тәсілдері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту тақырыптары қаралады.

11.00-де Конгресс орталығында «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV Съезі өтеді. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірінен делегаттар, Парламент мәжілісінің VII шақырылым депутаттары, барлық деңгейдегі мәслихаттардың бұрынғы депутаттары, партияның Саяси Кеңесінің мүшелері, ҮЕҰ өкілдері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері және т.б. қатысады.

11.00-де Астана қаласының коммуникациялар орталығында «Бизнес субъектілерінің өрт қауіпсіздігі» туралы баспасөз конференциясы өтеді.

15.00-де ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экология және табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің экология жөніндегі комиссиясының отырысы өтеді. Онлайн-трансляция ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі.

19.00-де Жастар театрында «Өмір» драмасы қойылады.

19.00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында «Моцартиана» симфониялық музыка кеші өтеді.

19.00-де М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Восемь любящих женщин» детективті трагикомедиясы көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар