«7-20-25» және «Нұрлы жерді» жаңа бағдарлама алмастырады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс нарығында қалыптасқан ахуалға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұлттық банктің мәліметіне сүйенер болсақ, «7-20-25» және «Нұрлы жер» бағдарламаларын жүзеге асыру үшін 500 млрд теңге қосымша қаржы бар. Бағдарламалар қарастырылған қаражат толық игерілгенінше созылады. Сонымен қатар қазіргі таңда жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалардың аяқталуына және зейнетақы жинағын алудың қысқаруына орай баламалы шара ретінде ипотекалық несиелерді субсидиялау тетігін енгізу қарастырылуда. Бұған дейін жүзеге асырылған «Нұрлы жер» бағдарламасындағы шаралар «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына қайта енгізілген. Осыған орай, жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары «Отбасы банкі» арқылы одан әрмен жүзеге асырылатын болады», - делінген министрлік хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар