+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

«7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламасымен қанша азамат үйлі болды

2020 жылғы 11 тамыз 12:34
Бөлісіңіз:
«7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламасымен қанша азамат үйлі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру шаралары жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин: Үкімет агроөнеркәсіптік кешендегі жаңа жобаларды қолдайды Азық-түлік келісімшарт корпорациясының бидайды қандай бағада сатып алатыны айқындалды Қазақстанның астық экспорты артады

«Экономиканы қолдау аясында Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасуда. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы тұрғысында биылғы 7 тамыздағы жағдай бойынша банктер жалпы сомасы 454,3 млрд теңгеге 618 өтінімді мақұлдап, 266,6 млрд теңге сомасына 536 қарыз берді», - деді ҰБ басшысы Үкімет отырысында.

Бұдан бөлек, төтенше жағдайдың енгізілуінен зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы аясында биылғы 6 тамыздағы жағдай бойынша кәсіпкерлер 535,9 млрд теңге сомасына 2 207 өтінім берді. Осы орайда 341,4 млрд теңгеге 1 279 несие берілді.

«Ал «7-20-25» бағдарламасы тұрғысында осы жылғы 6 тамыздағы жағдай бойынша 240,7 млрд теңгеге 20 693 өтінім мақұлданды, оның ішінде 199,3 млрд теңге сомасына 16 868 қарыз берілді.

«Баспана Хит» нарықтық ипотекалық бағдарлама аясында 6 тамыздағы жағдай бойынша 296,4 млрд теңге сомасына 34 904 өтінім мақұлданды. Оның ішінде 235,6 млрд теңгеге 28 347 несие берілді», - деді Е. Досаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT