7-20-25: Жамбыл облысында алғашқы жарнаны төлеуге 400 млн теңге қарастырылуда

None
None

Облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда облыста 23 258 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде ҰОС ардагері - 4, жетім және қамқорлықсыз қалған балалар - 2 737, xалықтың әлеуметтік осал тобы - 13 170, бюджеттік сала қызметкерлері - 7 345, үйі апатты деп танылған - 2 адам бар. Бұл көрсеткіш жыл басында 21 683 адамды құраса, осы уақытқа дейін 1 372 адам тағы кезекке тіркелген.  Яғни кезекке тұрғандардың өсімі жоғары.

Кезекке тұрғандарды тұрғын үймен қамту - маңызды мәселе десек, ағымдағы жылы 953 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Ал 2019 жылы - 1 380, 2020 жылы - 1 600 пәтерлі  көпқабатты тұрғын үйлер салынуы көзделуде. 

Бүгінгі мәліметке сүйенсек пайдалануға беруге 606 пәтер дайын. Оның 114-і Арай массив шағын ауданында. Асқар Мырзаxметов бұл үйлерді «7-20-25» бағдарламасы арқылы пайдалануға беру керектігін атап өтті.null

«Бұл бағытта өтініш берушілердің алғашқы 20 пайызының 10 пайызын төлеп беруге жергілікті бюджеттен 400 миллиондай қаржы қарастыру көзделуде. Бұл қаржы пайызсыз бөліп төлеу жүйесімен үлестірілмек. Ол үшін арнайы тізім жасалынатын болады. Бұл тұрғыдағы жұмыстар қазір пысықталу үстінде», - делінген хабарламада.

Өңір басшысы  арендалық кезекте тұрғандарды кредиттік бағыт бойынша пәтер алуға ыңғайлау, ол үшін талдау-сараптау жұмыстарын атқару керектігін ескертті.

Асқар Мырзаxметов облыс экономикасын арттыру үшін тұрғын үй құрылысының қарқынын бесеңдетпеудің маңыздылығын баса айтып, жауапты тұлғаларға аталмыш бағдарлама аясында баспана беруді арттыру жолында нақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар