«7-20-25»: Таразда 400-ге жуық тұрғын баспаналы болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша 400-ге жуық тұрғын баспана алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағдарлама аясында пәтерлер 15-мөлтек ауданда жəне «Арай-2» алқабында сатылып жатыр. Бұл туралы Тараз қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы Диля Сөкжанова «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен бес әлеуметтік бастаманың орындалуы бойынша облыстық конференцияда мәлімдеді.

Сондай-ақ сала маманы «Бақытты отбасы» кешенді бағдарламасы аясында 300 азаматтың құжаты мақұлданғанын хабарлады. Ол әлеуметтік бастаманың елімізде іске асырылу барысына жүргізілген мониторингте Тұрғын үй құрылыс жинақтау банкі салымшысы мен «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы арқылы алатын қызмет алушылардың құқықтары бірдей сақталмайтындығы анықталғанын айтып өтті. Айта кетейік, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Бес әлеуметтік бастама бойынша »Азаматтық бақылау« қоғамдық мониторингі» тақырыбымен мемлекеттік грант иегері атанған болатын. Іс-шара осы аталған грант аясында өткізілді.

Соңғы жаңалықтар