7-20-25: Тараз тұрғындары үшін 686 пәтер дайын тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасы аясында Тараз қаласының тұрғындары үшін 686 пәтер дайын тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

А. Мырзахметов әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беруге арналған Бес әлеуметтік бастаманың бірінші бағыты аясында бірқатар жобалар іске асырылып жатқанын жеткізді.

«Тараз қаласындағы қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 462 гектар аумақта жаңа екі шағын ауданның құрылысы басталды. Аталған аудандарда «7-20-25» бағдарламасы бойынша ұсынылатын 480 көп қабатты және 969 жеке тұрғын үй құрылыстары басталады. Биыл көппәтерлі 10 тұрғын үй (800 пәтер), 2019 жылы - 25 тұрғын үй (1 380 пәтер) пайдалануға беріледі», - деп атап өтті А. Мырзахметов. 

Оның айтуынша, ипотекалық несиенің алғашқы жарнасының 30 пайыздан 20 пайызға төмендеуіне байланысты, пәтер алуға мүмкіндігі бар азаматтардың саны 3 есеге артқан.

Қазіргі уақытта «7-20-25» бағдарламасы арқылы Тараз қаласында 686 пәтер азаматтарға ұсынуға дайын.

«Келесі жылға жалпы облыс бойынша 465 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жоспарланып отыр. Жоспарда бюджет есебінен 28 көппәтерлі тұрғын үйдің және 6 жаңа алқаптың инженерлік инфрақұрылымның құрылыстары бар. Соның ішінде, 20 үйді «7-20-25» бағдарлама аясында тұрғындарға беру көзделіп отыр», - дейді Асқар Мырзахметов.

Соңғы жаңалықтар