«7-20-25»: Тағы мыңнан аса отбасы баспаналы болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасы аясында 145,5 млрд теңгеге 12 830 өтінім қабылданды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасын іске асыруды жалғастырып жатыр. 10 айы ішінде 6 380 отбасы 74,9 млрд теңге сомаға жеңілдік талаптармен ипотекалық қарыз алды. Тағы да 1 253 отбасы мақұлдауға ие болып, таяу уақытта қаражат алуды күтіп отыр. Тұтастай алғанда 145,5 млрд теңгеге 12 830 өтінім қабылданды. 2018 жылғы шілдеде іске қосылған сәттен бастап банктердің ипотекалық портфелі 1,4 трлн теңгеге дейін, 18,9 пайызға өсті»,», - деді Е.Досаев.

Оның айтуынша, елімізде кредиттеуді белсенді түрде қалпына келуі байқалады. 2019 жылғы қаңтар-наурызда 2,9 трлн теңге сомаға жаңа кредиттер берілді және өткен жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 8,5 пайызға өсті. Кредиттеудің өсуіне қорландыру базасының сапалы жақсаруы ықпал етуде.

«Ұлттық валютадағы салымдар ағымдағы жылдың басынан бастап 5,1 пайызға өсті, ал шетел валютасындағы салымдар 20,4 пайызға төмендеді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар