«7-20-25»: СҚО-да бастапқы жарнаны субсидиялауға 200 млн теңге бөлінеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында бюджеттік сала жұмысшылары үшін «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана құнының бастапқы жарнасын қаржыландыруға 200 млн теңге бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, қаражаттар жергілікті бюджеттен бөлінеді. Өңір басшысы бюджет саласында еңбек етіп келе жатқан жұмысшыларды баспанамен қамту маңызды міндеттердің бірі екенін атап көрсетті. Олардың барлығы да қажетті соманы жинай алмайды. Солтүстік Қазақстан облысындағы орташа жалақы айына 107 мың теңгені құрайды, бұл бүкіл республикадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі.

«Біз жергілікті бюджет есебінен бастапқы жарнаны ішінара субсидиялау үшін жыл соңына дейін 200 миллион теңге бөлеміз. Бастапқы жарна 20 пайыздан 10%-ға дейін төмендетіледі, 200-300 адам қамтылады. Оқытушыларды, дәрігерлерді, мәдениет қызметкерлерін бағдарламаға белсенді қатысуға шақырамын. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылданған теңдессіз шаралар», - деді Қ. Ақсақалов.

Облыста барлығы 2011 пәтері бар 16 тұрғын үй салынып жатыр. Биыл 1500 пәтері бар 10 тұрғын үй пайдалануға берілмек. Келер жылы тағы да 1500 пәтерлі 12 тұрғын үй тапсырылады. Соның 600-ден астамы «7-20-25» бағдарламасына сәйкес келетін болады.

Осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысында бюджет қызметкерлеріне алғашқы жарна төмендетiлетіндігі хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар