7-20-25: Шымкентте бағдарламамен алғашқы пәтерлер берілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жаңа жыл қарсаңында «Жас отау» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Тұрғындардың қуанышын бөлісуге келген қала  әкімі  Ғабидолла Әбдірахымов жеті қабатты 4 тұрғын үйдің «7-20-25» бағдарламасы бойынша  салынғанын атап өтті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерді тапсыру жұмыстары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асып отыр. Бүгінгі күні 224 отбасы баспаналы болса, олардың 15 жанұя «7-20-25» бағдарламасымен пәтерлерге қол жеткізген.

«Елбасының Жолдауында көрсетілген тапсырмаларға сәйкес Шымкентте биыл 9 791 пәтерлі үйлер салынды. Жыл соңына дейін қаламызда 40 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Мұндай қуанышты жаңалық біздің қаламыздың тарихында болмаған. Жалпы, қала аумағында 184 үй салынуда. Бұл біз үшін өте үлкен көрсеткіш»,- деді әкім.

Қала басшысы сондай-ақ, «7-20-25» бағдарламасы бойынша 130 адам өтініш бергенін атап өтті. Олардың арасында 90 өтінішті банктер мақұлдап үлгерген. Алдағы уақытта тағы 100 отбасы жаңа бағдарламамен баспаналы болады деп күтілуде. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттен 68 үйдің құрылысы жүріп жатса, оның 13-і жыл соңына дейін тапсырылмақ.  

Соңғы жаңалықтар