«7-20-25»: Павлодарда 1 млн теңгелік сертификаттар беріле бастайды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Облыс орталығында «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру қарқын алмақ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша қала тұрғындарымен өткен кездесу барысында қала әкімінің орынбасары Саян Мұқанов айтты.

«Бүгінде аталмыш бағдарламаның баяу іске асып жатқаны белгілі. Осыған дейін жұмыс істеген ешбір ипотекалық өнім мұндай қолайлы несиелендіру ережелеріне ие болған емес және де біз бұл бағыттағы жұмысымызды күшейтеміз», - деді Саян Мұқанов.

Жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлерінің бастапқы нарықтағы баспана сатып алуы бойынша қаржылық ауыртпалықтарын төмендету мақсатында «Баспана» ипотекалық компаниясы «Жас арман» және «Қамқор баспана» бағдарламаларын ұсынған. Бұл ретте «7-20-25» бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігі мемлекет тарапынан өтеледі. Қала әкімі орынбасарының сөзінше, жақын арада бастапқы жарнаның бір бөлігін өтейтін бір миллион теңгелік тұрғын үй сертификаттары беріле бастайды.

«Бұл бағдарламаға бюджеттік саланың барлық қызметкерлері қатыса алады. Қазіргі таңда аталған бағдарламаның жүзеге асырылуы үшін облыстың қалаларында 305 пәтер бар. Жыл соңына дейін оған тағы 200-ден астам пәтер қосылады. Кеңірек ақпарат алу үшін қалалық қаржы бөліміне жүгінуге болады», - дейді Саян Мұқанов.

« Бұдан өзге «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл қаламызда 200 мың шаршы метр баспана салу жоспарлануда. 2021 жылға қарай «Сарыарқа» мөлтек ауданы толығымен пайдалануға беріледі. Келесі жылы «Достық» мөлтек ауданының құрылысы басталады. Мұндағы тұрғын үйлердің жалпы ауданы 470 мың шаршы метрді құрайтын болады. 

Соңғы жаңалықтар