«7-20-25»: Пәтер алушылардың саны күрт өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметте ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шілдеде «7-20-25» бағдарламасы басталды. Бір айдың ішінде 4,8 млрд теңгенің займы мақұлданды. Сонымен бірге, бұл бағыттағы қарқын елеулі түрде артып келеді», -деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, тамыздың тек бірінші онкүндігіндегі қаржы биылғы шілде айындағы көрсеткішпен салыстырмалы болып отыр.

«Нәтижесінде, 10 тамыздағы жағдай бойынша берілген өтінімдер саны 1 330-ға жетіп, жалпы көлемі 15,5 млрд теңгені құрады. Жалпы алғанда, 9,8 млрд теңге мақұлданып, аталған бағдарлама аясында 3,6 млрд теңге сомасында несие берілді», - деді О. Смоляков.

Соңғы жаңалықтар