«7-20-25»: Өңірлерде баспана құны қанша

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «7-20-25» бағдарламасының барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Несиелер 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, сондай-ақ Шымкентте халықты несиелендірудің шекті сомасы 20 млн теңгеге дейін. Бүгінде аталған қалаларда несиені алудың орташа мөлшері шамамен 12 млн 800 мың теңгені құрады. Сәйкесінше, ай сайынғы төлем 85-90 мың теңгеге тең», - деп тоқталды министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, қалған өңірлерде несие сомасы 12 млн теңгеге дейінгі көлемде. Бұл аймақтарда өткен екі айда азаматтар орташа есеппен 9 млн теңгеден алып, ай сайын 63 мың теңгеден төлеп отыр.

«Баспана» ипотекалық ұйымының мәліметі бойынша, бағдарлама басталғалы тек екі айда қатысушы банктерге ипотека алуға 2562 өтінім келіп түсті. Оның ішінде бүгінде жалпы 20 млрд тенгеден астам сомаға 1695 ипотекалық қарыз беруге қолдау жасалды. Қалған өтінімдер банктердің қарауында жатыр. Бүгінде бұл тренд күшейіп келеді, яғни өтінімдер саны күн сайын артуда», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар