7-20-25: Маңғыстауда 131 отбасы баспаналы болды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат. Маңғыстау облысында 7-20-25 бағдарламасымен 2 айдың ішінде 131 отбасы баспаналы болған,- деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Жаңа бағдарлама арқылы баспанаға қол жеткізгендер атары артып келеді. Мәселен, жоба аясында құны 1,6 млрд теңге болатын 194 өтініш мақұлданған.

Өтініш бергеннің басым бөлігі жас отбасылар мен бюджет саласының қызметкерлері. Ниеттілердің ұсынысы екінші деңгейлі банктер арқылы оң шешімін тапқан. 

Ақтау Астана мен Алматы қаласынан кейін бағдарлама аясында үй алғандар бойынша 3-орында тұр. Себебі, өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды. 9 айда 910 мың шаршы метр үй салынған. Оның 312 пәтері жалға берілді. Келесі жылы жалға берілетін баспаналар саны бұдан да көбейеді.  

«Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 910 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Өсу қарқыны 137 % құрайды. 2025 жылға дейін бір тұрғын 30 шаршы метр тұрғын үймен қамтылады», - дейді облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының басшысы Эльдар Машырықов.  

Тұрғын үй салудан Маңғыстау облысы көш бастап тұр. Биыл 812 пәтер берілген. Келесі жылы 950 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарда.  

«288 пәтер салу жоспарланған.  Жалпы ауданы 15,8 мың шаршы метр болады. 19 шағын ауданнан көппәтерлі 2 үй, Құрық селосынан 4 үй саламыз. Форт-Шевченкодан 48 пәтерлі тағы бір тұрғын үйді белгілеп отырмыз», - дейді Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Лепес Бекжанов.

Соңғы жаңалықтар