«7-20-25»: Қостанайлықтарға баспаналы болудың тетіктері түсіндірілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы мен банк қызметкерлері бірлесіп, өңір тұрғындарына баспаналы болудың тетіктерін түсіндірді,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайда «7-20-25» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы басталғалы бері 339 өтініш қабылданып, тұрғындарға 2,4 млрд теңге қарыз берілді. Бүгінде өтініштердің 223-і мақұлданды.

«Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы мен банк қызметкерлері бірлесіп арнайы акция ұйымдастырды. Мақсат - «7-20-25» бағдарламасының негізгі тетіктері жайлы ақпарат беру. Акция аясында бірер сағаттың ішінде 100-ге жуық қала тұрғыны өз сауалдарын жолдап, тұшымды жауап ала алды.

«Елімізде «7-20-25» бағдарламасымен баспаналы болудың жолдары әлдеқайда жеңілдеді. Осы ретте бағдарламаның түсініксіз тұстары, түйткілді мәселелерін анықтау үшін «Nur Otan» партиясы арнайы қоғамдық қабылдауды өткізді. Бастысы, облыстың әр тұрғыны бағдарламаның қатысушысы атана алатынын түсіндіру. Бүгінге дейін Центр кредит, Халық банкі, Еуразия банкі, Цесна Банк, Жинақтаушы банк, ForteBank , Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі баспана алу үшін қарыз беруге дайын екендігін жеткізді», - дейді партия өкілдері.

Ал, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенованың сөзіне сенсек, өңірде 17 отбасы саяжай алқаптары мен уақытша лашықтарда, 10 отбасы қамыстан жасалған үйде, 360 отбасы жалдамалы тұрғын үйде және 36 отбасы жатақханада тұрады. Міне, аталған отбасылар бірінші кезекте әлеуметтік көмектерге ие болады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үйге бастапқы жарнаны субсидиялау шеңберінде 84,0 млн теңге сомасында пайызсыз қарыз беріледі.

Соңғы жаңалықтар