7-20-25: Қазақстанда 2,5 мыңнан астам өтінім мақұлданды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының аясында қарыз алуға 2 513-тен астам өтінім мақұлданды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 2018 жылғы 20 қазандағы жағдай бойынша жалпы 44,5 млрд теңге сомаға қарыз алу үшін 3 752 өтінім қабылданды. Соның ішінде 30 млрд теңге қарыз беру бойынша 2 513 өтінім мақұлданған», - деп хабарлады реттеуші органнан.
2018 жылдың наурыз айында ұсынған «7-20-25» жаңа тұрғын үй бағдарламасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 наурызда атап өткен Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында әзірленді.

Бағдарлама бойынша қазақстандықтар келесі шарттармен ипотекалық қарыз алу мүмкіндігіне ие болмақ: несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі - жылына 7%-дан, бастапқы жарна - 20%, несиені төлеу мерзімі - 25 жылға дейін.

Осыған дейін Астана мен Алматыға жақын аймақтарда ипотеканың шекті бағасы көтерілгендігін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар