7-20-25: Қайталама нарықтағы пәтерлердің ипотекасы өзгеше болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы аясында әзірше жаңа баспанаға несие беріледі. Алдағы уақытта аталған жүйе арқылы қайталама нарықтағы пәтерлерді сатып алу тетіктері әзірленетін болады. Бірақ оның шарттары өзгеше болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, «Баспана» атты ипотекалық компания бірнеше бағытта жұмыс істейтін болады. Бастапқыда жаңа пәтерлер ипотекаға беріледі. Одан кейін қайталама нарықтағы пәтерлерді сатып алу бағыты жүзеге асады.

«Баспана» компаниясының алдында үлкен мақсат тұр. Ол ипотекалық нарыққа серпін беруі тиіс. Әрине, ипотека ішінде қайталама нарықтағы пәтерлер де бар. Сондықтан алдағы уақытта біз қосымша пакеттерді де әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде қайталама нарықтағы пәтерлерге ипотека беру тетігі де болады. Оны сәл кейінірек жасаймыз. Шамамен, екі-үш айдан кейін іске әзірлейтін шығармыз», - деді О.Смоляков журналистерге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, қайталама нарықтағы пәтерлерді сатып алудың шарттары өзгеше болады. Себебі аталған бағыт әлеуметтік бастамаға жатпайды. «Алғашқы жарна 20 проценттен жоғары болатын шығар. Сосын несиенің мөлшерлемесі де 7 процент болмайды. Оның мөлшері нарықтық талаптарға жақын болуы ықтимал. Бірақ банктердің 14-15 процентінен төмен болуы керек. Әлбетте, жеңілдік болады. Бірақ «7-20-25»-тен өзгеше», - деп атап көрсетті О.Смоляков.

Соңғы жаңалықтар