7-20-25: Қай қала көш басында?

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы 7-20-25 бағдарламасы бойынша ең көп несие берген қалалардың көшін бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасына сілтеме жасап.

Фейсбукте жарияланған ақпаратқа сәйкес, Алматыда 312 өтінім мақұлданған.

«2018 жылдың 9 тамыздағы ахуалға сәйкес қалада жалпы құны 6,6 млрд теңге болатын 522 өтінім берілген. Барлығы 312 өтінім мақұлданды. Ал, жалпы Қазақстан бойынша 315 өтінім бойынша несие берілді. Оның 128-і Алматы тұрғындарына берілді. Бұл республика бойынша 44 пайызды құрайды», - делінген жазбада.

Айта кетсек, ҚР Ұлттық банкі төрағасы аталған бағдарламаның операторы «Баспана» ипотекалық ұйымы  болатынын 5 мамырда айтқан еді. Ұлттық банк бекіткен бағдарлама бойынша ипотекалық қарыздар 7% жылдық мөлшерлемемен 25 жылға беріледі. Келесі шарттарының бірі - алғашқы салым 20% болмақ. Жаңа ипотекалық займдарды ҚР кез келген азамат ала алады. Ол үшін ең басты шарт - адамның басында жылжымайтын мүлкі болмауы керек. Бағдарлама бойынша Қазақстанның кез келген өңірінен Алматы, Астана, Атырау қалаларынан ең максималды 25 млн теңгеге, қалған өңірлерде 15 млн теңгеге баспана сатып алуға болады.

Клиенттер Банк Центркредит, Евразия банкі, АТФ банк, банк RBK, Халық банкі, Цеснабанк, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы несие ала алады.  Жыл соңына дейін бұл тізімге Сбербанк пен Forte банк қосылуы мүмкін.

 

 

Соңғы жаңалықтар