«7-20-25»: Қарағандыда пәтерлердің жәрмеңкесі өтеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында 29 қыркүйекте «7-20-25» жәрмеңкесі өтпек. Бұл туралы ҚазАқпарат «Баспана» ипотекалық ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз халықтың «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатылатын пәтерлер туралы ақпаратқа сусап отырғандығын талмай айтып келеміз. Ұйымдастырылып жатқан жәрмеңкелер азаматтарға осындай керек ақпаратты беруде таптырмас құралға айналды. Өз кезегінде құрылыс компаниялары да тұтынушыларының барлық қажеттілігін анықтап, аудиториямен етене жұмыс істеуге мүмкіндік алып отыр», - деді аталған ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.

Көрмеге 1200-ден астам Қарағанды пәтерлері шығарылмақ. Сонымен бірге, келушілерге құрылыс компаниялары, банктер мен «Баспана» Ипотекалық ұйымының өкілдері кеңес беретін болады. Қарағанды қаласындағы Серік Сапиев атындағы Бокс сарайында өтетін шараға кіру тегін.

 

Соңғы жаңалықтар