7-20-25 ипотекасының шекті сомасын өзгерту жоспарда жоқ — Ұлттық банк басшысы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат — ҚР Ұлттық банкінің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін ипотеканың шекті сомасы өзгермейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенаттың үкімет сағатында депутаттар «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін ипотеканың шекті сомасын көтеруді ұсынған болатын. БАҚ өкілдері осы ұсыныс туралы Ұлттық банктің ұстанымын сұрады.

«Ол ұсыныстарға келсек, әзірге бағдарламаның шарттарын өзгерту туралы жоспар жоқ. Соның ішінде ипотека сомасының шекті мөлшерін Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент сияқты өзге де қалалар үшін белгіленген деңгейден көтеру жоспарланып отырған жоқ», — деді Ғалымжан Пірматов базалық мөлшерлемені көтерудің себептеріне арналған брифингіде.


Соңғы жаңалықтар