«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы қашан аяқталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет несиелеу бағдарламаларын қаржыландыруды кезең-кезеңімен аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемдік дағдарыс және оның экономикаға тигізетін әсерін ескеріп, нарық принциптеріне жол бере отырып, мемлекеттің несиелеу бағдарламаларынан біртіндеп шығуын қамтамасыз ету маңызды. Осыған байланысты, Үкімет, Ұлттық банк және Агенттік арасында жылдың басында 2021-2023 жылдарға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісімге қол қойылған болатын. Келісім аясында 2023 жылдан бастап Ұлттық банк мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырмайды», - деді Мәдина Әбілқасымова CFO IDEA EXCHANGE & NETWORKING SUMMIT барысында.

Оның айтуынша, 2021 жылы «Баспана Хит», 2022 жылы «7-20-25» бағдарламаларын қаржыландыру аяқталады.

«Үкімет өз кезегінде тікелей қаржыландырудан кәсіпкерлік субъектілерінің несиелік тәуекелдеріне кепілдік беруге көшу мүмкіндігін қарастырады», - деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.


Соңғы жаңалықтар