7-20-25: Ипотека беруге 55 мың өтінім қабылданды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алуға 55 732 өтінім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша несие алуға 664,8 млрд теңгеге 55 732 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 391,2 млрд теңгеге қарыз беруге 32 627 өтінім мақұлданды» делінген хабарламада.

Еске салайық, 7-20-25 бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматы ғана ала алады.

Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшері жылына - 7%.

Ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна - 20% бастап.

Несие мерзімі - 25 жыл.


Соңғы жаңалықтар