7-20-25: Ел бойынша 17 328 азаматтың өтініші мақұлданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын іске асыру аясында 29 350 адамнан өтінім қабылданды. Оның 17 328-і банктердің оң қорытындысын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 9 сәуірдегі жағдай бойынша қарыз алуға 333,87 млрд теңге сомасына 29 350 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 198,97 млрд теңге сомасына қарыз беруге 17 328 өтінім мақұлданды», - деді ҚР Ұлттық банкінен.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ-ның + 7 (727) 227-20-25 телефон нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады.

Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.


Соңғы жаңалықтар