«7-20-25» бойынша қанша қазақстандық баспаналы болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «7-20-25» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде 18 876 азаматтың өтінімдері қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық банкінің ақпаратына сүйеніп.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 3 қазанындағы жағдай бойынша, қарыз алуға 213,3 млрд теңге сомасына 18 876 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 127,5 млрд теңге сомасына қарыз беруге 11 139 өтінім мақұлданды», - делінген таратылған хабарламада.

Қазақстандықтар аталмыш бағдарламаға қатысты «Баспана» ипотекалық ұйымының + 7 (727) 227-20-25 нөміріне тәулік бойы хабарласа алады. Сонымен қатар қосымша ақпаратты ипотекалық ұйымның ресми сайтында https://www.baspana72025.kz/kz танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар