7-20-25: Бес мыңға жуық өтінім мақұлданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасы аясында қарыз беруге 4 997 өтініш мақұлданды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша, қарыз алуға 98,2 млрд теңге сомасына 8 866 өтініш қабылданды. Оның ішінде 57,4 млрд теңге сомасына қарыз беруге 4 997 өтініш мақұлданды», - делінген таратылған мәліметте.

Айта кету керек, «7-20-25» бағдарламасы Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы 5 әлеуметтік бастама туралы ұсынысының аясында бекітілді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Ұлттық банкі төрағасы аталған бағдарламаның операторы «Баспана» ипотекалық ұйымы болатынын айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар