«7-20-25»: «Баспана» ипотекалық компаниясы қосымша 150 млрд теңге бөледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Баспана» ипотекалық ұйымы несиелік тұрғын үй құрылысына 150 млрд теңге сомасында өз үлесін қосуға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде баспана құрылысында револьверлік тұрғыда, яғни несиелік тұрғын үйге әрбір екі жылда 270 млрд теңге айналып тұрады. Енді осы бағдарламаға Ұлттық банкпен құрылған «Баспана» ұйымы өз үлесін қосуға ниетті. Атап айтқанда, осы ипотекалық ұйымы несиелік тұрғын үй құрылысы мақсатында өңірлерге қосымша 100-150 млрд теңге бөлу бастамасын көтерді. Соңғы шешімді компания қашан қабылдайтындығы туралы мәлімет менде жоқ. Алайда бұған дейін осындай ұсыныс жасалған еді», - деп тоқталды министр.

Ж. Қасымбектің сөзіне қарағанда, егер де осындай шешім қабылданса, онда айтарлықтай қомақты сома револьверлік негізде тұрақты түрде несиелік баспана құрылысы нарығында айналымда болады.

«Бүгінде Үкімет 270 млрд теңге бөлуде. Сонымен қатар, Ұлттық банк тиісті шешім жасаса, онда «Баспана» ұйымы да бұл процеске қатысады. Аталған сома айтарлықтай қомақты», - деді ведомство басшысы.

Жеңіс Қасымбектің атап өтуінше, «Баспана» бұл соманы нарықтық жағдайларда ұсынады.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық банкінің еншілес ұйымы «Баспана» ипотекалық компаниясы «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының операторы болып табылады.

 

Соңғы жаңалықтар