«7-20-25» бағдарламасына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қатысуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Сбербанк қатысуы мүмкін. Бұл туралы Парламент Сенаты депутаттарымен өткен кездесуде «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бағдарламаның серіктес-банктері «Центркредит банкі», «Халық Банкі», «АТФ Банк», «Цесна Банк», «Bank RBK», «Forte Bank» пен «Еуразиялық банк». Яғни ірі банктер осы бағдарламаға жұмылдырылды деп айтуға болады. Сонымен қатар, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мен «Сбербанк» те әлеуетті қатысушы ретінде қарастырылып жатыр», - деді Қ. Алтынбеков.

Оның сөзіне қарағанда, барлық банктер бағдарлама аясында белсенді жұмыс істеп жатыр. Сондықтан екінші деңгейлі банктер тарапынан өтінімдер қабылдау тұрғысында ешқандай проблема жоқ.

«7-20-25» бағдарламасының негізгі шарттарына тоқталсақ, жылдық ставка 7 пайыз, алғашқы жарна 20 пайыз, несие мерзімі 25 жылға дейін. Бұл жағдайда тұрғындар қарызды 25 жылдан аз мерзімге ле алуға қауқарлы және қарызды ертерек жаба алады. Астана, Алматы, Атырау, Ақтау мен Шымкент қалаларының тұрғындары құны 25 миллион теңгеге дейін, басқа өңірлердің тұрғындары 15 миллион теңгеге дейін баспана алуға мүмкіндігі бар. Ипотеканы мақұлдау кезіндегі басты факторлар ретінде азаматтың төлем қабілеті, атында басқа ипотекалық қарыздардың жоқтығы назарға алынады.

Соңғы жаңалықтар